Көкшетау қаласында «Көкшетау Жылу» МКК ШЖҚ-нің өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2026-2030 жылдарға арналған шекті деңгей бойынша «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу жөніндегі қызметтерге тариф пен тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдау 2025 жылғы 3 қазанда сағат 11.00-де Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Северная өнеркәсіптік аймағы, 11-жол, №54 А, 3-қабат, акт залы мекенжайы бойынша өтеді.
Жария тыңдауға барлық тілек білдірушілер, қызметті тұтынушылар, мүдделі тұлғалар, сондай-ақ мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылады.
Сонымен қатар Көкшетау қаласының тұтынушылары мен өзге де мүдделі тұлғалар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі «Тмркд Ақмола» (https://www.facebook.com/share/1AujorJiiy/) ресми парақшасында және «ZOOM» платформасында (ZOOM арқылы жария тыңдауға қосылу нөмірі: идентификатор 633 319 3624, пароль 1234567890) онлайн режимінде жария тыңдауға қатыса алатынын хабарлаймыз.
Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша өту керек немесе «FACEBOOK» қосымшасында «Тмркд Ақмола» іздеуіне енгізу қажет.
Кез келген адам онлайн режимде өз сұрақтарын қоя алады және оларға жауап ала алады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
Департамент – 8(7162) 50-43-63;
«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК 8 (7162) 90-33-73.
Мақаланы құрған күні 27.08.2025 14:40
Мақаланы жаңартқан күні 25.08.2026 12:37